Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды
Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен қашып кеткен сарбазды Әскери полиция қызметкерлері ұстады. Ол Өскеменнен 20 шақырым жерден табылған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ұсталған әскери қызметкер – қатардағы жауынгер Мархан А.Е. Ол Әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған.
«Тексеру барысында әскери қызметкер өзіне қатысты жарғылық емес қарым-қатынас фактілері болмағанын, сондай-ақ командирлері мен бірге қызмет ететін әскери қызметкерлер тарапынан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану жағдайлары орын алмағанын мәлімдеді», – деп хабарлады ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0