«Аспаннан салбырап түстің демеңдер»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы сынға қалды
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол желіде тарап жүрген жалған бейнежазбалардағы байлықты емес, шынайы өмірді көріңіздер деді. Ас үйінің жоқ екенінін айтып, тамақ дайындайтын бұрышын көрсетті.
"Ыдысты да қолмен жуамын десем сенесіз бе? Бірақ солай. Есесіне рухани баймын. Негізі неше түрліні пісіретін өнерім бар, бірақ ас үйдегі жиһазым келсін. Сосын патырлатып көрсетіп, салып отырамын. Әзірге лажы осы. Суды да тасып ішеміз. Дайынға келдің, аспаннан салбырап түстің демеңдер, айналайындар!", – деп жазды.
"Хит болмай тұрып инстамды күшті әзілмен, неше түрлі стористармен жүргізетін едім. Қазір бұрмагұлдер көп болған соң абайлап, тыныш салатын болыппын", – деді Айман.
"Рухани баймын дегені жараспайды екен", "Бәріміз де қолмен жуамыз, сонша не болды?", "Онсызда жарты Қазақстан суын тасып ішіп отыр", "Ерке Есмаханның вайбына ұқсайды екен. Өзінше дана әйел болғысы келеді", "Не болса да тірлігі ақтауға келмейді", "Мөлдір сенен бетер жоқшылыққа шыдаған әйел", "Өзіне ұпай жинағыш екен",– деп оқырмандар сынға алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0