Астана маңында ұшақ құлады: адам шығыны бар

Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады sadaq.kz.
- UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты, - делінген хабарламада.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.
- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - дейді ведомстводан.
Сіздің реакцияңыз қандай?






