«Астана» станциясында көпбалалы қызметкер тоққа түсіп қайтыс болды
Астанада "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Астана" станциясының тоқ тарту кіші станциясында тоқ соғып, 43 жастағы электромеханик қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, ол байланыс желісінің фидер ұяшығына өз еркімен кіріп, кернеулі тоққа тап болған. Марқұмның артында әйелі мен жеті баласы қалды», – делінген желіде тараған ақпаратта.
ҚТЖ-ның баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 2026 жылдың 14 маусымында болғанын растады. Компания бұл факт бойынша тергеу белгіленген тәртіп бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижелері бойынша айқындалатын болады. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиғаның себептері туралы түсініктемелер бере алмаймыз», – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ҚТЖ компания тергеуге жан-жақты жәрдем көрсететіндерін жеткізіп, қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0