Астанада 2 жасар бүлдіршін қайғылы жағдайда қайтыс болды

Мамыр 4, 2026 - 16:25
chat_bubble  0 visibility  1
Астанада 2 жасар бүлдіршін қайғылы жағдайда қайтыс болды
Фото: видеодан скрин

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қайғылы оқиға болды – кроссовер көлігі ойнап жүрген кішкентай баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайды елорда Полиция департаменті растады.

«Иманов көшесі бойындағы аулада “Kia” маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде жүрген жас баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0