Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
Полиция 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.
Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.
"Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0