Астанада 3-ші қабат терезесінде асылып тұрған адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Мамыр 12, 2025 - 15:45
Мамыр 12, 2025 - 15:45
Астанада 3-ші қабат терезесінде асылып тұрған адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің үшінші қабатында асылып тұрған адамның денесі табылды. 

Көз жұмған адамның жеке басы анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

alash.kz сайтының жазуынша, Кең Дала тұрғын үй кешенінің қасбетінде ілініп тұрған ер адамды тұрғындар 15:00 шамасында байқап, полицияға хабар берген.

Полиция өкілдері бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"102 арнасына асылып тұрған ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow