Астанада аялдаманы бүлдірген адам Жаңа жылды қамауда қарсы алатын болды

Желтоқсан 31, 2025 - 14:33
 0  11
Астанада аялдаманы бүлдірген адам Жаңа жылды қамауда қарсы алатын болды
фото: видеодан скриншот

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын масаң күйде аялдама павильонының "беріктігін сынап көрмек" болған.

"Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деді ІІМ өкілі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0