Астанада «Азат рухтың алдаспандары» атты ұлттық музыкалық концерт өтеді
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне және «Адырна» ұлттық порталының 15 жылдығына орай ерекше мәдени шара өтпек, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Adyrna Media Holding және ҚР Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырып отырған “Азат рухтың алдаспандары” атты ұлттық музыкалық концерт қазақтың дәстүрлі өнерін ұлықтауды мақсат етеді.
Шара барысында қазақтың ән, күй, жыр, терме секілді дәстүрлі музыкалық мұралары кеңінен насихатталады. Концертке ұлттық музыка өнерінің белгілі дүлдүлдері қатысып, патриоттық және рухты әндерді орындайды. Концерттің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, жастар арасында төл өнерді насихаттау және олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейі, Конференц-зал Өтетін уақыты: 24 желтоқсан 2025 жыл, сағат 15:00
Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдерін, зиялы қауымды, жалпы барлық өнер сүйер қауымды “Азат рухтың алдаспандары” атты ұлттық музыка кешіне шақырады.
Қатысу үшін аккредитациядан өту қажет.
Байланыс телефоны: 8 700 300 05 08
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0