Астанада баланы футбол алаңының жанында тоқ соқты: жағдайы ауыр

Тамыз 17, 2026 - 22:13
app_badging Тамыз 18, 2026 - 07:13
chat_bubble  0 visibility  0
Астанада баланы футбол алаңының жанында тоқ соқты: жағдайы ауыр
Фото: Gov.kz

Астанадағы "Отау" тұрғын үй кешенінде футбол алаңының жанында ойнап жүрген баланы тоқ соқты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Желіде тараған видеода екі баланың футбол алаңының жанындағы тротуарда бір нәрсені шұқылап отырғанын көруге болады.

Бірнеше секундтан кейін сымдардың тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 тамызда бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен. 

"Жағдайы ауыр, тұрақты. Бүгін пациент күйік бөлімшесіне ауыстырылды", - дейді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0