Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде шаттл-маршруттар қатынайды

Шілде 27, 2025 - 09:40
Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде шаттл-маршруттар қатынайды
Фото: ғаламтордан

1 тамыз күні Астанада әлемге танымал америкалық әнші Дженифер Лопестің концерті өтеді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарының концерт орнына ыңғайлы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы шаттл-маршруттар ұйымдастырылады,- деп хабарлайды sadaq.kz  қала әкімдігіне сілтеме жасап

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.

Шаттл бағыттары:
• Астаналық цирк автотұрағы;
• «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
• «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;
• Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
• «Бас мешіт» автотұрағы.
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.

Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow