Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Астанада қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Ескерткіш тақта Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіби қызметін атқару барысында ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қараша күні ауруханада қайтыс болған еді.
Тақтаның ашылу рәсіміне денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары және жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар министр Ұлдана Мызуанның есімі отандық медицина тарихында жазылатынын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0