Астанада құрылысшы биіктен құлап көз жұмды

Желтоқсан 15, 2025 - 14:37
 0  16
Астанада құрылысшы биіктен құлап көз жұмды
Фото: Pixabay

Астанада құрылысшы жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған.

"Құрылыс объектісінде қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген. Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", - дейді ведомство.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0