Астанада лифт ішінде бойжеткенге тиісіп, теуіп жіберген ер адам сотқа берілді
Астанада бойжеткен лифт ішінде бейтаныс ер адамның тиісіп, кейін тепкенін айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Полиция күдікті ер адамды анықтап, істі сотқа жолдады, деп Sadaq.kz.
Бойжеткеннің сөзінше, ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда, артынан көлік еріп келе жатқанын байқаған. Кейін бейнебақылау жазбасын көріп, көліктегі ер адамның соңынан лифтке дейін барғанын анықтаған.
Оның сөзінше, лифт ішінде ер адам бірнеше рет оған тиіскен. Бойжеткен қарсылық білдіргенімен, ол әдейі артында тұрып, сыртқа шығар кезде тепкен.
Қыз әлеуметтік желідегі жазбасында ер адамның лифт батырмаларын агрессивті түрде басып, кейін өзіне екі рет қол тигізгенін айтқан. Ол бейтаныс адамға бірнеше рет өзін ұстамауды өтінгенін жеткізді.
Оқиғаға қатысты Астана қаласы полиция департаментінің Нұра аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізген.
«Құқық бұзушы анықталды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0