Астанада пранк жасаған жігіт қамауға алынды

Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желіні бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқанын анықтады.
"Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция мұндай "әзілге" жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






