Астанада шетелдік әйел лифт ішінде дәрет сындырған

Маусым 23, 2026 - 15:40
chat_bubble  0 visibility  2
Астанада шетелдік әйел лифт ішінде дәрет сындырған
Фото: Видеодан скрин

Астанада шетелдік әйел тұрғын үйдің лифтінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тексеріс барысында оның тұрғын үйлердің біріндегі лифт ішінде дәрет сындырып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналадағыларға құрметсіздік танытқаны анықталды.

Аталған факті бойынша құқық бұзушы ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, істі қарау барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу жағдайлары анықталды. Сот шешіміне сәйкес, азаматша ел аумағынан тыс жерге депортацияланады, – деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң сақтау және айналадағыларға құрметпен қарау қажеттілігін ескертеді. Заңсыз әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0