Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды

Қараша 25, 2025 - 14:38
 0  20
Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды
фото: видеодан скриншот

Кеше, 24 қараша күні кешке Астанада жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылды. Өкінішке қарай, бала Есіл өзеніне батып, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасындағы мәліметке сүйенсек, баланың жоғалғаны туралы арыз 24 қарашада түскен.

«24 қараша күні полицияға арызданған анасы қызы сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Полиция мен еріктілер баланы бірден іздей бастаған», - деп жазылған ақпаратта. 

Дереккөзге сүйенсек, қыз бүгін таңғы сағат алты кезінде көпірден секіріп кеткен. Полиция бірнеше сағат өткенде оның мәйітін Есіл өзенінен тапқан.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0