Астанадағы «Әсем» базары өртенді (ВИДЕО)

Қараша 6, 2025 - 10:44
Қараша 6, 2025 - 10:44
Астанадағы «Әсем» базары өртенді (ВИДЕО)

Бүгін таңертең Астанадағы “Әсем” сауда үйінде екі бутик өртенді.

Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдай департаменітінің 95 қызметкері мен 25 техникасы жұмылдырылған.

ТЖМ қмәліметінше, ғимараттағы екі бутик өртенген. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары қойылып, су үздіксіз беріліп отырды. Құтқарушылар  адамдардың бар-жоғын анықтау үшін ғимаратты тексерген, өрт шыққан сәтте ішінде келушілер болмаған. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, таралу қаупін жойып, толық сөндірді.

Тілсіз жау сағат 08:30-да өрт ауыздықталған. 

“Өртті сөндіру кезінде қиындықтар болды, себебі өрт сөндірушілер келген сәтте жалын өршіп,тарап кеткен. Сонымен қатар ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері, жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтіндеу жағдайды қиындатты”, — делінген хабарламада.

Сағат 09:00-де өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow