Астанадағы LRT жоспарлағаннан ерте іске қосылуы мүмкін
Астанадағы LRT-да сынақ жұмыстары бір-екі айдан кейін толығымен аяқталып, жеңіл рельсті көлік жұмыс режимінде іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, LRT 30 қыркүйектен бері тестілік режимде жұмыс істеп тұр.
«Осы айдың соңына дейін барлық вагон жеткізіледі деп күтілуде. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Біз бастапқыда тестілік режим үш айдан алты айға дейін созылатынын айттық. Бірақ алдағы бір-екі айда бұл жұмыстар толығымен аяқталып, LRT жұмыс режимінде іске қосылады деген жоспар бар», - деді Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қала әкімі жаңа көлік түрі Есіл және Нұра аудандарындағы жол қозғалысын айтарлықтай жеңілдететінін атап өтті. Әсіресе Қалдаяқов, Сығанақ және Қабанбай батыр даңғылдарындағы жүктемені азайтпақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0