Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Ақпан 26, 2026 - 11:49
Ақпан 26, 2026 - 13:15
 0  2
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Атырауда 15 жастағы Інжумаржан Қуанышқызы жоғалып кетті. Ол «Жайық-Бином» мектебінің оқушысы. Қазір қалада қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz. АқЖайыққа сілтеме жасап.

Анасы Галина Тұяққалиева қызының жоғалуын мектептегі жағдаймен байланыстырады. Оның айтуынша, оқу жылы басында қызын жаңа мектепке ауыстырған. Кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен арада дау туып, сыныптастарынан түсініктеме жаздыру басталған.

Анасы e-Otinish порталына жариялаған өтінішінде оқушыларды қызына қарсы ұжымдық арыз жазуға үгіттегенін, ал отбасына мектептен құжаттарын алып кетуді ұсынғанын жазды.

«Қызыме тәрбие ісі жөніндегі орынбасар тарапынан қысым жасалды. Сыныпта оған қарсы түсініктеме жазуға мәжбүрледі. Осыдан кейін оны құжаттарын алып кетуге мәжбүрледі», — делінген өтініште.

Әйелдің сөзінше, 19 ақпанда мектептен оған қоңырау шалынған, бірақ ол жұмыста болғандықтан жауап бере алмаған. Келесі күні мектепке барғанда оқушылардың түсініктемелерін көрсетіп, құжаттарды алып кету керектігін айтқан.

Осыдан кейін қыз үйіне қайтып келген, бірақ көп ұзамай қайта шығып кетіп, содан бері оралмаған. Қазір ол ресми түрде із-түзсіз жоғалғандар қатарында, полиция іздеу жүргізуде.

Бұл уақытта 10 «П» сынып оқушыларының ата-аналары да орынбасардың жұмыс әдістерін тексеруді сұрап, ұжымдық өтініш жолдады. Олар балаларды түрлі себеппен түсініктеме жазуға мәжбүрлегенін, сыныпты тарататыны туралы ескерткенін, күні бойы телефондарын жинап алғанын, ал жағдайды талқылау кезінде ата-аналар чаты жабылғанын айтқан.

Қыздың анасы мектеп әкімшілігінің әрекеттері қызының эмоциялық жағдайына әсер еткенін айтып, заңдық баға беруді және оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.

Білім басқармасы мен мектеп әкімшілігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0