Атырауда АИТВ жұқтырғанын біле тұра интимдік қызмет көрсеткендер ұсталды (ВИДЕО)
Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Sadaq.kz ақпараттық порталы Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.
Жедел іс-шараларды Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.
Аталған дерек бойынша бойында аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, жәбірленушілер анықталуда. Полиция департаменті әрбір дерекке құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалардың заң алдында толық жауап беретінін мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0