Атырауда бір отбасыны өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев сотқа жеткізілді

Мамыр 18, 2026 - 11:29
 0  19
Атырауда бір отбасыны өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев сотқа жеткізілді
Коллаж: Sadaq.kz

Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Әйелінің әке-шешесі мен бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке сот ғимаратына жеткізілді. Алғашқы  ашық сот отырысы – бүгін сағат 11:00-ге белгіленген. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. 

Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі және одан көп адамды өлтіру), сондай-ақ 188 және 190-баптары (мал сату және банк карталарын жымқыру) бойынша айып тағылған.

Сараптама Сәрсемәлиевті есі дұрыс деп таныды. Енді оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0