Атырауда бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар 5, 2026 - 19:13
 0  189
Атырауда бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: әлеуметтік желі

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, барлық медициналық мекеме, соның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр.

«Із-түссіз жоғалған азаматтардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Оларды іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігінің сарапшылары тартылған», – деді Құттыбай Садықов.

Садықовтың сөзінше, екі немесе одан да көп адамның хабар-ошарсыз кетуі жағдайында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қаралады.

Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, өйткені жалған мәліметтер тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0