Атыраудағы қылмыс: Марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды

Ақпан 25, 2026 - 15:15
 0  3
Атыраудағы қылмыс: Марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды

Атырау облысында жұмбақ жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ісі бойынша жаңа дерек шықты. Индонезияның Ломбок аралында ұсталған марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.  

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. 

Бұған дейін Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының күйеу баласы мен қызы шетелде ұсталғаны белгілі болған еді. Келіншек осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі саналатын күйеу бала Индонезиядан ұсталған. Енді марқұмдардың қызы да осы іс бойынша күдікті мәртебесіне ие болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу жалғасуда, ал қоғам резонанс тудырған бұл істің мән-жайын жіті бақылауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0