Ақтөбе облысында пойыз қарға батып қалды
Жеке команияның жұмысшылары мінген пойыз тұрып қалған.
Оның Ақтөбе-Жаңажол-Ақтөбе бағытына қатынайтын вахталық пойыз екені белгілі болды, деп хабарлады inbusiness.kz.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, бұл темір жол бөлігі «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ тиесілі. Пойыз жолын да солар тазартуы тиіс екен.
«Ұзындығы 10 км болатын бұл темір жол бөлігі «Береке-Бизнес» ЖШС тиесілі.Жолдың бұл учаскесін қардан тазарту ҚТЖ міндетіне кірмейді. Жолды қар басып қалғандықтан, жеке команияның жұмысшылары мінген пойыз тұрып қалған. Бізге белгілісі – жол бөлігі 30 минут шамасында тазартылды», - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?