Әйел күйеуінен кек аламын деп төрт баласын өзенге ағызып жіберді

Тәжікстанның Фархор ауданында қайғылы оқиға болды.
27 жастағы келіншек өзенге төрт баласымен бірге секіріп кеткен.
БАҚ құралдарының жазуынша, қайғылы оқиға 30 маусымға қараған түні болған. Мадина Халимова есімді әйел күйеуінің басқа әйелі барын естіп, қатты күйзеліске түсіп, кек алу мақсатымен өзіне және балаларына қол жұмсауға шешім қабылдаған. Алайда өзенге секірген келіншек аман қалып, төрт баласы – үш қызы мен екі айлық ұлы – мерт болды.
келіншек алдымен балаларын суға лақтырып, артынан өзі секірген. Бірақ әйел жүзіп шығып, тірі қалған. Балалардың үлкені – бес жастағы қызы, ал кенжесі – небәрі екі айлық сәби болған.
Әйел күйеуіне қоштасу хатын қалдырған. Хатта «Латофаттың әкесі, мені кешір. Мен саған жақсы жар бола алмадым, саған қызмет ете алмадым», – деген сөздер жазылған.
Хатты тауып алған күйеуі дереу туыстарына хабар беріп, полицияға арыз жазған. Кейін ағасының қоңырауы арқылы келіншектің табылғаны белгілі болады. Халимова полицияға берген түсініктемесінде түнде екі белгісіз ер адамның келіп, балаларды өзенге тастауды бұйырғанын айтқан.
Қазір "адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






