Ақтөбелік тұрғын әйелімен ренжісіп, аялдаманы сындырып тастады (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы өтіп бара жатқан көліктің камерасына түсіп қалған

Қараша 19, 2025 - 16:21
Қараша 19, 2025 - 16:42
 0  12
Ақтөбелік тұрғын әйелімен ренжісіп, аялдаманы сындырып тастады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Ақтөбелік тұрғын әйелімен ренжісіп қалғаннан кейін аялдаманың әйнегін аяғымен теуіп сындырып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция аялдаманың қабырғасын тепкен азаматты ұстады. Оның әрекеті туралы видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін құқық қорғаушылар тез арада анықтап, қолға түсірді.

Азаматтың айтуынша, әйелімен сөзге келіп, ашуын аялдамадан алған. Полицияда оған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол өз кінәсін мойындады, іс материалдары шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0