«Әйелімнің қыздарына «мені көке деп атаңдар» дедім»: Жаһан Отарғалиев үшінші некесі туралы сыр шертті (ВИДЕО)

Актер Жаһан Отарғалиев Зарина Мүсілімге сұхбат беріп, үшінші некесіне қатысты ашық әңгіме өрбітті. Ол өміріндегі қиын кезеңдерді еске алып, қажылыққа барғаннан кейін отбасын құру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
«Ажырасқаннан кейін қиын жағдайда болдым: ақшам да жоқ, қарызға баттым. Сол кезде Меккеге кетіп, күндіз-түні дұға еттім. Шаңырақ көтеріп, отбасын құрғым келді. Тіпті болашақ жарымның бет-әлпетіне дейін Алладан сұрадым», – деді актер.
Кейін ол Меккеде өзіне жар тілеген келіншекпен танысып, үш рет кездескеннен кейін үйленгенін айтты.
«Жақын танысым сол келіншекпен танысуымды өтінді. Әлеуметтік желіден парақшасын көріп, бірден «Маған күйеуге шығасың ба, үйленейік» дедім. Ол әзілдеп: «Аға, асығыссың ғой» деді. Бірақ әңгімеміз жарасып, шаңырақ көтердік», – деп бөлісті актер.
Актер келіншегінің бірінші некесінен екі қызы бар екенін жасырмады.
«Баласы бар келіншекке үйленемін деп ойламадым, бірақ тағдыр солай екен. Мектеп жасындағы екі қызы бар. Соларға жақсы әке болуды армандаймын. Кіші қызы «Сізді қалай атаймыз?» деп сұрады. «Көке деп айтыңдар» дедім. Шүкір, қазір бәрі жақсы», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






