«Стористеріне қызғанышпен қараймын»: Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жұбайы

Қыркүйек 19, 2025 - 11:11
Қыркүйек 19, 2025 - 12:27
«Стористеріне қызғанышпен қараймын»: Айқын Төлепбергеннің бұрынғы жұбайы
Фото: Stan.kz

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің бұрынғы әйелі, блогер-жазушы Әсел Төлепберген желіде жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Әдебиет өкілі биылғы жылдың оңай соқпағанын айтты. Блогердің сөзінше, үлкен ұлы сырқаттанып қалып, сол үшін алаңдаған. 

"Қыркүйектің екінші аптасы аяқталып келеді. Бұл – жаңа оқу жылының да екінші аптасы. Апта біршама күйзелісті өтті. Ұлым Аңсардың тізесіне физиотерапия емін алып жүрміз. Дәрігер маған бұрын-соңды естімеген ауыр сөз айтты. Енді күн сайын ем-домға барамыз. Сонымен қатар, жаттықтырушыға сенімхат рәсімдейміз. Күзгі демалыста команда Ташкентке турнирге бармақ. Мен ұлымның жарақатын уайымдаймын, ал ол спорттық формасын жоғалтып аламын ба деп қорқады", – деп бастады әңгімесін Әсел.

Одан кейін жалғыз өзі жұмысқа да, бала тәрбиесіне де үлгеретінін жеткізді. 

“Баланың жанында болып, бағыт көрсету керек, бірақ бәрін өзің істеп бермеу маңызды. Бұл үшін темірдей төзім қажет, ал бұл ата-аналық ең үлкен сынақтардың бірі. Кейде терезеге қараймын, күздің жылы, қанық бояуларын ішіме сіңіргім келеді. Тауда серуендеп, фотосессия жасап жүрген адамдардың стористеріне қызғанышпен қараймын. Жеке дамуға деген ой да маза бермейді. Әсіресе 40 жастан асқан соң бұл сезім анық білінеді. Алда кітап фестивалі, оған романымды таныстыруға дайындық қажет. Бұрын құрылыс жобаларының презентациясын жасайтынмын, ал қазір өз кітабымның таныстырылымын неден бастарымды білмеймін. Басқа авторлардың тәжірибесіне қарап жүрмін. Көңілде тұрған тағы бір міндет – анкета толтыру. Қазан айында қайтадан оқуға барамын. Иә, менің жасым 40-тан асып кетті, біра әлі де үйреніп жүрмін. Ана ретінде жауапкершілік, тұрмыстағы шаруалар және өзін-өзі жүзеге асыру арасындағы тепе-теңдікті таба отырып, ең бастысы – күзді өткізіп алмау. Күз тым қысқа…", – деп түйіндеді Әсел Төлепберген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow