Айсұлтан Назарбаевтың 4 жыл бұрынғы болжамы дәл келді

Қараша 6, 2024 - 14:35
 0  402
Айсұлтан Назарбаевтың 4 жыл бұрынғы болжамы дәл келді
фото: relrus

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені марқұм Айсұлтан Назарбаевтың Трампқа қатысты айтқан болжамы орындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2020 жылы Айсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында Дональд Трамп 2024 жылы екінші рет АҚШ президенті болатынын айтқан.

"Трамп екінші рет президент болып, Америкада демократия жоқ деген шындық ашылады. Ол жерде бәрі ақшамен шешіледі! Трамп АҚШ тарихындағы соңғы президент болады. Бүкіл әлем ұлы державаның ыдырағанының куәсі болады", - деп жазған еді Айсұлтан Facebook парақшасында.

Айсұлтан Назарбаев осы жазбасын жазғаннан кейін екі айдан соң қаза тапты.

Еске салайық, бүгін АҚШ-тағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шықты. Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының жеңімпазы - Дональд Трамп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0