«Ажырасқан қызын ұзатуға ұялмайды»: Наркенже Серікбаева өзін сынағандардың аузын жапты (ВИДЕО)

Тамыз 22, 2025 - 12:52
«Ажырасқан қызын ұзатуға ұялмайды»: Наркенже Серікбаева өзін сынағандардың аузын жапты (ВИДЕО)
Фото: narkenjeserikbaeva инстаграм парақшасынан

Жақында ғана қызын ұзатқан Наркенже Серікбаева өзіне айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Желі қолданушылары бұрын тұрмыста болған қызын ұзатқан Наркенженің әрекетін сынға алған. 

"Ажырасқан қызын қайта ұзатуға қазақ ұялмайтын болды ғой", "Бұлар да ырбыңдап салтты бұзып, екінші рет ұзатылмайды", "Қазағым, екінші рет ұзатпайды. Тек орамал ауыстыру керек", "Байға тиген сайын ұзататын салт қазақта жоқ қой", деп жазды олар. 

Ал әнші Наркенже Серікбаева қызын дәл осылай ұзатуды арман еткенін айтты. 

"Кешелі бері біздің үйдің қуанышы, бүкіл әлеуметтік желіп желіні жаулап, жақсылы жаманды пікірлер жауып жатыр. Өсекке емес, өсиетке терең болған елміз ғой, қашанда жақсы ойда, жақсы ниетте, жақсы тілекте болайық! 
Жанымның саясы болған Жансая қызым, Шырайлы Шымкенттен, Жазиралы Жаркентке ұзатылды. Қимастықпен шығарып салдық. Толқыдық, жыладық, қуандық… Жаныңның бөлшегін қапияда, жат ұяға қиып беру әрине оңай емес. Дегенмен жастар бір-бірін ұнатып, білек ұстасқан соң батамызды бердік. Қызымды дәл осылай ұзатамын деп армандадым, ниет еттім. Мен ұзатқан қыздар қайтып келмеген", - деді дәстүрлі әнші. 

@bari.osyndai

♬ оригинальный звук - Serikbaevtar

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow