«Ажырасу – өліммен тең »: Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі жан сырын ақтарды

Қараша 29, 2024 - 14:28
«Ажырасу – өліммен тең »:  Әсел Сәдуақасованың бұрынғы күйеуі жан сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Күні кеше актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін айтқан еді. Бүгін оның экс-күйеуі Мағжан Тілеуханов қандай күй кешіп жатқанын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен іште болып жатқан сезімімді көркемдеп жеткізе алмаймын. Бұл жыл ешкімге оңай тиген жоқ. Ойлану мен трансформация жылы болды. Биыл үйренгенім - ешкімді кінәлап, біреуге уәде бермеу керек екен. Бәріңіз Әсел екеуміздің ажырасқанымызды білесіздер. Ажырасу – кішігірім өлім. Қазір оны ашық айтып отырған себебіміз, жанымызға бататын мұңнан арылдық. Біз бұл өмірде жайдан-жай кездеспегініміз анық. Мен үшін ол өте маңызды адам», - дейді Тілеуханов.

Ол бұрынғы жарына алғыстан басқа айтары жоқ екенін жазып, жан сырын ақтарды.

«Қуанышты, бақытты сәттеріміз өте көп болды. Мен оны жоққа шығара алмаймын. Сенімен болған әр сәтім үшін бақыттымын. «Құдай сені жақсы көреді» деген сөз бізді барлық қиындықтан алып шықты», - деді ол.

Еске салсақ, ерлі-зайыптылар 2023 жылдың маусымында некелерін қиған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow