«Ажырасу себебі белгілі болды»: Анасымен сүйіскен блогердің әрекеті талқыға түсті

Threads желісінде анасы мен баласының еріндерінен сүйген сәті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Желі қолданушылары анасының әрекетін қатаң сынап, баласына ескерту жасады.
“Мұны көргенше, тортты көріп отыра бергенім жақсы еді”, “Бұл қазақтар емес, қырғыздар”, “Бірінші әйелімен не үшін ажырасқаны белгілі болды”, “Мұндай оқиғаны бірінші рет көріп тұрған жоқпын”, “15 жастағы қыз әкесімен сүйісіп жүрген, бұлар солар ма?!”, “Анасының бірнеше рет ұлының ерніне жабысқанын анық көруге болады. Бұл блогер шешесі үшін әйелінен ажырасып кеткен. Мамасының баласы. Демалуға барғанда да анасын ертіп жүреді”, “Осының бәрін көріп отырған әйеліне обал”, “Ең бастысы, қазаққа жат дүние десек те, арасында біздің де мамаларымыз осылай баласының ернінен сүйіп жүреді”, – деп жазды көпшілік.
Одан кейін қырғыз блогері Элиза Жээнмырзаева пікір білдіріп, видеодағы енесі мен күйеуі екенін айтқан.
“Осымен бұл тақырыпты жабайық. Анасы мен баласы екені рас. Ешқандай сендер ойлағанда дүние емес. Тек сыйластық пен сүйіспеншілік ғана бар. Бұл іс-әрекет біздің отбасымыздағы қалыпты жағдай. Біз ешкімнен не істегіміз келетінін сұрамаймыз. Осы видео сіздің ашуыңызға тиіп жатса, демек мәселе – өзіңізде. Сізге берер кеңесім, өз өміріңізді сүріңіз”, – деп жазды блогер.
Сіздің реакцияңыз қандай?






