Ақмола облысында шенеуніктер отырған көлік жол апатына ұшырады
Ақмола облысында полицейлер 4 көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тексеріп жатыр. Оқиға Екатеринбург – Алматы тасжолында болған, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, жол апаты 25 қазанда Екатеринбург – Алматы тас жолында, Астрахан ауданы аумағында болған.
"Алдын ала белгілі болғаны – Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневрін орындау кезінде қарсы келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Сонан соң бұл екі көлік тағы екі көлікке соғылған. Оқиға салдарынан үш жолаушы жеңіл жарақат алған", - делінген хабарламада.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал Instagram-дағы nayzakokshe парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, бұл апаттан жергілікті әкімдік қызметкерлері зардап шеккен. Toyota Camry көлігі Астрахан ауданы әкімдігіне тиесілі екені айтылған.
"Көлік тізгіненде Астрахань ауданы әкімдігінің аппарт басшысы болған. Ол "сол жақ жіліншектің" сынуы диагнозымен Астархан орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Астрахан ауданы әкімінің орынбасары да жеткізілді– ол ауруханада "бас терісінің ашық жарақаты" диагнозымен жатыр. Сол ауруханаға 2009 жылғы жолаушы да түсті, ол да басынан жарақаттанған. Зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты", - делінген жазбада.
Сіздің реакцияңыз қандай?