АҚШ-та қаруланған қылмыскер 22 адамды атып өлтірді

Қазан 26, 2023 - 09:58
 0  60
АҚШ-та қаруланған қылмыскер 22 адамды атып өлтірді
Сурет foxnews сайтынан алынды

Америка Құрама штаттарының Льюистон қаласында қару асынған ер адам боулинг-холл мен мейрамханада отырған адамдарға оқ жаудырып, 22 кісіні өлтірді.  ВВС агенттігінің жазуынша, қаза тапқандардың саны көбеюі мүмкін, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

«Қалалық кеңес өкілдері 22 адамның өлімін растады. Ал нақтыланбаған мәлімет бойынша, атыста кемі 50 адам жараланған. Қала тұрғындарына ескерту жарияланды», - деп жазады ВВС.   

Ал, foxnews агентігі жергілікті полицияның ақпаратына сілтеме жасай отырып, күдіктіге қатысты бірқатар мәлімет таратты. Дереккөзге сүйенсек, Льюистонның полиция басқармасы әлеуметтік желіге күдікті 1983 жылы 4 сәуірде туған Роберт Кард екенін жазған. Роберт Кард мылтық атуды үйрететін инструктор болып жұмыс істейтіні хабарланып отыр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0