Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан тергеушілер тобы келетін болды

Желтоқсан 27, 2024 - 12:30
 0  241
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан тергеушілер тобы келетін болды
Фото: Pixabay.com

Ақтау түбінде болған ұшақ апатын зерттеуге Бразилия үш тергеушісін жіберді, деп хабарлайды sadaq.kz DW-ге сілтеме жасай отырып.

Бразилия әскери әуе күштерінің тергеушілері Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Қазақстан билігінің жүргізіп жатқан тергеуіне техникалық қолдау көрсетпек.

25 желтоқсанда «Az Airlines авиакомпаниясының ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша «ҚР ҚК екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталғаны хабарланған еді.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 Қазақстан азаматы бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0