Бұрынғы министр өзін өлтірмек болды
Кореяның бұрынғы министрі өзін өлтірмек болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы Қорғаныс министрі Ким Ён Хён тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Ол ел президенті Юн Сок Ёл әскери жағдай енгізгеннен кейін тұтқындалды.
Бұрынғы министр жауап алуға түнде жеткізілген. Алты сағаттан кейін ол қамауға алынды. Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Ким Ён Хён президент Юн Сок Ёлдің әскери жағдай жариялауына толық жауапкершілікті өз мойнына алып, барлық әскери әрекеттер оның басшылығымен өткенін растады.
3 желтоқсанда ел президенті Юн Сок Ёл әскери жағдай енгізді. Оңтүстік Кореядағы наразылыққа байланысты парламент төтенше әскери жағдайды алып тастады.
Сіздің реакцияңыз қандай?