«Бәле болды...»: Ләйлә Сұлтанқызы интим видеоға қатысты үндеу жасады
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде интим фото мен видеолардың таралуына қатысты пікір білдірді. Ол мұндай жағдайлардың қазіргі қоғамдағы ең қауіпті мәселелердің біріне айналғанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Журналистің сөзінше, жеке жазбалар, фото және видеолар кейін адамға қарсы қолданылуы мүмкін. Сондықтан ол жастарды жеке мәліметтерін ешкімге сеніп жібермеуге шақырды.
«Махаббатқа сенуге болады, бірақ қауіпсіздікті ұмытпау керек. Интим фото, видео, пароль немесе жеке хат ешкімге махаббаттың дәлелі емес», – деп жазды тележүргізуші.
Сонымен қатар Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі манипуляция мен шантаж мәселесіне де тоқталды. Ол эмоцияға беріліп, кейін өкініп қалмауға кеңес берді.
Тележүргізуші интернетке тараған дүниенің толық өшпейтінін айтып, біреудің интим фото немесе видеосын рұқсатсыз тарату заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0