Балқашта 8 жастағы баланы соққыға жыққан «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамалды

Тамыз 11, 2025 - 20:04
 0  34
Балқашта 8 жастағы баланы соққыға жыққан «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамалды
Фото: видеодан кадр

Балқашта баланы ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінген «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қарағанды облысының полиция департаменті 8 жастағы баланы қорлаған ер адамның ұсталып, қамалғанын мәлімдеді. 

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот екі айға қамауға алуға рұқсат берді», — деп хабарлады облыстық ПД. 

Айта кетейік, 4 тамызда Балқаш тұрғыны 8 жастағы баласын «Қазақмыс» қызметкері соққыға жыққанын айтты. Полиция «кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0