«Бандаға қатысым жоқ»: Хасан Қасымбаев соттағы соңғы сөзін айтты
Алматы облысының Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев ісі бойынша резонансты сот процесі жалғасуда, деп жазады Sadaq.kz. Шамамен екі айға созылған сот тергеуінен кейін тараптар пікірталас кезеңіне өтті. Пікірталас барысында айыпталушы Хасан Қасымбаев өзіне тағылған қылмыстарға қатысы жоқ екенін тағы да мәлімдеді.
«Мен ешкімді ұрлаған жоқпын және ондай бұйрық бермедім. Іс материалдарында жәбірленушілердің сөздерінен басқа менің кінәмді дәлелдейтін айғақтар жоқ. Бұл адамдарды мен ешқашан көрген емеспін, олармен сөйлеспедім, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ. Оларға зиян келтіру ниетім де болған жоқ. Тек бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды, сондықтан кінәлі біреуді табу қажет болды. Бірақ менің тағдырым қоғамның тыныштығы үшін құрбан болмауы керек. Маған басқа адамдармен бірге айып тағылды, бірақ мен қылмысқа қатысқан жоқпын, оларды таныған да емеспін, еш байланысым болған жоқ. Құрметті сот, сізден әділдік сұраймын», – деді Қасымбаев.
Еске салайық, прокурор Ерлан Құланбаев соттан Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды, ал оның серіктеріне 9 жыл жаза тағайындауды сұраған.
Сіздің реакцияңыз қандай?