«Бәрібір ниетің қабыл болмайды»: Сауапты іс жасаған атышулы трансгендер елден сөз естіді (ВИДЕО)

Ақпан 28, 2025 - 12:28
Ақпан 28, 2025 - 16:19
«Бәрібір ниетің қабыл болмайды»: Сауапты іс жасаған атышулы трансгендер елден сөз естіді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Амилай есімімен танымал трансгендер TikTok парақшасына қайырымды іс жасаған видеосын жүктеді. Алайда бұл әрекеті барлығына бірдей жақпай қалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Көмектесу үшін артық ақшаң болу керек немесе бос уақытың болу міндетті емес. Біреудің күнін жақсартуға деген шынайы ниет болса, жай ғана күлімсіреу немесе қолдау сөзінің өзі бір көмек.

Біз жиі ойлаймыз: менің көмегім керек емес шығар, ол ештеңені өзгертпейді, деп. Бірақ әрқайсымыз кем дегенде бір жақсылық жасасақ? Біріміз баланың еміне бірнеше мың аударсақ, енді біріміз үйсіз адамға тамақ алып берсек оның өзі не деген көмек. Өзімізге байқалмаса да басқа адамдарға бұл үлкен қолдау.

Жақсылық үлкен қимылдарды қажет етпейді. Ол қарапайым әрекеттерде құралады. Ең бастысы — елемей өтіп кетпеу», — деп жазды ол.

Трансгендер сауапты іс жасап, ағынан жарылса да мұнысы көпшіліктің көңілінен шыға қоймады.

«Сен садақа беріп, қанша сауапты іс жасасаң да ол қабыл болмайды. Себебін өзің білетін шығарсың», «Бұл амалдарың үлкен күнәңді жаба алмайды-ау, інім», «Осыны видеоға түсірмей істесең болмай ма?», деді олар.

@amilai.baimuratova

Көмектесу үшін артық ақшаң болу керек немесе бос уақытың болу міндетті емес. Біреудің күнін жақсартуға деген шынайы ниет болса, жай ғана күлімсіреу немесе қолдау сөзінің өзі бір көмек. Біз жиі ойлаймыз:"менің көмегім керек емес шығар, ол ештеңені өзгертпейді". Бірақ әрқайсымыз кем дегенде бір жақсылық жасасақ . Біреу баланы емдеуге бірнеше мыңды аударса, біреу үйсіз адамға тамақ, продукты алып берсе оның өзі не деген көмек. өзімізге байқалмаса да басқа адамдарға бұл үлкен қолдау. Жақсылық үлкен қимылдарды қажет етпейді. Ол қарапайым әрекеттерде құралады. Ең бастысы- елемей өтіп кетпеу. ♬ оригинальный звук - Амилай

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow