Башар Асад Сириядан қашқаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
Мәскеуден пана тапқан Башар Асад алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Башар Асадтың мәлімдемесі 16 желтоқсанда тарады. Бұрынғы басшының атынан жарияланған хабарламада оның Мәскеуге кетуі алдын ала жоспарланбағаны айтылған. Ол шешімді соңғы минуттарда қабылдағанын айтады.
«Мен 8 желтоқсанның таңына дейін өз міндеттерімді орындап, Дамаскіде болдым. Ал лаңкестік күштер Дамаскіге енген кезде, мен әскери операцияларды бақылауды жалғастырдым. Кейін ресейлік одақтастарымызбен келісе отырып, Латакияға көштім» делінген Башар Асадтың хабарламасында.
Асад қандай жағдай болса да бірде-бір рет билікті тастап кетуге тырыспағанын, баспана іздеуді ойламағанын және әрқашан майдандағы сарбаздармен бірге болғанын атап өтті. Ол Сирия халқымен қашан да бірге екенін және елдің тәуелсіздігін қалпына келтіруге сенетінін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда Сирияда 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыста айтулы кезең болды. Соңғы 24 жыл бойы Сирияда билік жүргізген Башар Асад режимі құлады. Көтерілісшілер Дамаскті басып алды, Асад Ресейге қашып кетті.
Сіздің реакцияңыз қандай?