Батыс Қазақстанда 3 адам үсіп өлді

Желтоқсан 15, 2025 - 17:08
 0  53
Батыс Қазақстанда 3 адам үсіп өлді
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңында 57 жастағы ер адамның денесі табылды.

Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Марқұмдар үсіп қалған.

Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның аяқ-қолы үсіген, Орал қаласына жеткізіледі.

"Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника жұмылдырылған", - деп хабарлады ведомстводан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0