Батыс Қазақстанда көпір мен жолды су шайып, үш ауылдың тұрғындары ауданға қатынай алмай қалды (ВИДЕО)

Наурыз 17, 2025 - 12:49
Наурыз 17, 2025 - 14:56
Батыс Қазақстанда көпір мен жолды су шайып, үш ауылдың тұрғындары ауданға қатынай алмай қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

15 наурыз күні Батыс Қазақстан облысындағы Шідерті өзені көтеріліп, уақытша көпір мен жолдарды шайып кетті. Салдарынан үш бірдей ауылдың тұрғындары ауданға қатынаудан қалды. Бұл туралы sadaq.kz “Орал апталығы” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еріген қар суы Сырым ауданы Аралтөбе ауылының маңындағы Жымпиты-Ақсай тас жолында орналасқан уақытша көпірді бұзған. Бұл көпірді 2024 жылы негізгі көпірдегі жөндеу жұмыстарына  байланысты салған еді. Су көпірдің бетон плиталарын шайып кеткен.

Қазір көпір арқылы көлік қозғалысы тоқтатылды. Аралтөбе,Талдыбұлақ пен Ақтайсай ауылдарының тұрғындары аудан орталығына көлікпен қатынай алмай отыр.

“Көпір құлап жатыр, арғы жағын да жырып кетті. Көпірден өте алмай тұрмыз. Екіге бөліп тастаған”, – дейді видео авторы.

15 наурыздан бері еріген қар суы жолдарды шайып жатыр. 

Жыл сайын су тасқыны кезінде асфальті жоқ қара жолды су басып қалады. Сол себепті Ақтайсай аулының тұрғындары су қайтқанша жол кепкенін бір апта күтуге мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow