Белгілі кәсіпкер қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бұл туралы кәсіпкер видео түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парағына жариялады.

Қазан 1, 2025 - 20:41
Белгілі кәсіпкер қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қақпашы Шерхан Қалмұрзаға мұндай қымбат көлікті белгілі бизнес-блогер Ұлықбек Шарипов сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Кәсіпкердің өз парақшасына жариялаған видеосынан Шерханның басында бұған сенбей, біраз таңырқап қалғанын байқауға болады.

Айта кеткен жөн, кеше «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол клубтары арасындағы матчта алматылық «Қайрат» футбол клубы өте мықты қарсыласына есе жіберіп, 0:5 есебімен ұтылды. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік желідегі оқырмандар ойын барысында қақпашы Шерхан Қалмұрзаның барын салып ойнағанын жазып жатыр. Соған байланысты міне, елдегі ірі кәсіп иелерінің бірі оған қымбат сыйлық жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШАРИПОВ УЛУГБЕК (@sharipov_ulugbek)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow