«Беташар болмайды»: Екінші рет тұрмыс құрған блогер ерекше салтпен ұзатылды (ВИДЕО)

Шілде 30, 2025 - 12:38
«Беташар болмайды»: Екінші рет тұрмыс құрған блогер ерекше салтпен ұзатылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Желіде маңғыстаулық Салтанат Аманқосова есімді блогер екінші рет тұрмыс құрып, желіні шулатты, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Қазақтың салт-дәстүрі: екінші рет тұрмыс құратын әйелдің бетін ашпайды. Ақ орамалды анасы үйінен шыққан кезде иығына жауып жібереді. Келін болып түскен үйде анасының жапқан ақ орамалын ауыстырады. Орамал ауыстыру салт-дәстүрі. Орамал ауысқаннан кейін, келін-шәй", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары мұндай салттың барын алғаш рет естіп жатқанын жазды, ал кейбірі екінші рет тұрмысқа шыққан қыздардың беташары болатынын да жеткізді.

Сондай-ақ, блогер сырға салу дәстүрін де түсінідіріп кетті.

"Енем құлағыма бриллиант сырға мен сақинаны арнайылап өзі салды. “Өзіме жақын болсын деп ниеттеніп, өзім сырға салғым келді” деді", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Салтанат Аманқосова (@saltanat.a.e.pzds)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow