«Беташар» ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді

Желтоқсан 5, 2024 - 09:51
 0  37
«Беташар» ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді
Фото: Kazinform

Парагвай астанасында «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды.

— Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп жазды Қарин.

Осыған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0