Бетперде киген жігіт ерекше баласы бар отбасыға үй сыйлады

Қаңтар 9, 2026 - 09:32
 0  5
Бетперде киген жігіт ерекше баласы бар отбасыға үй сыйлады
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде «Бетперделі адам» лақап атымен танымал блогер ерекше балалары бар отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасының анасы — 49 жастағы Нағима. Ол екі ерекше баланы тәрбиелеп отыр. Ал отбасы отағасы саңырау әрі мылқау. Көп жылдан бері олар жалдамалы, уақытша баспанада тұрып келген.

Бетперде киген белгісіз блогер отбасыға күтпеген сый жасап, оларға пәтер тарту етті.

Бұл жайт желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып, көпшіліктің оң бағасын алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0