Бибісара Асаубаева FIDE шахмат тәжіне үміткер атанды
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) әлем чемпионы атағына таласатын үміткерлердің ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Әйелдер мен ерлер арасындағы кандидаттар турниріне сегіз-сегізден спортшы қатысады. Шахматсүйер қауым асыға күтетін дода Кипрдің оңтүстік-батысында, Пафос қаласына жақын орналасқан қонақүйде өтеді. Турнир 29 наурыз бен 15 сәуір аралығына жоспарланған.
Ерлер арасындағы үміткерлер қатарында Андрей Есипенко (Ресей), Фабиано Каруана, Хикару Накамура (АҚШ), Аниш Гири (Нидерланды), Маттиас Блюбаум (Германия), Вэй И (Қытай), Жавохир Синдаров (Өзбекстан) және Рамешбабу Прагнанандха (Үндістан) бар.
Ал әйелдер арасындағы кандидаттар тізіміне Қазақстан атынан сынға түсетін Бибісара Асаубаева, сондай-ақ Александра Горячкина, Екатерина Лагно (Ресей), Чжу Цзиньэр, Тань Чжунъи (Қытай), Дивья Дешмукх, Хампи Конеру және Рамешбабу Вайшали (Үндістан) енді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0