Биыл Газада қанша адам қаза болғаны белгілі болды

Соңғы тәуліктің өзінде Газада кемінде 40 адам қаза тапқан.

Сәуір 11, 2025 - 09:04
Биыл Газада қанша адам қаза болғаны белгілі болды
Фото: Getty Images

Газа секторында 18 наурыздан бастап Израильдің қарқынды шабуылдары қайта басталғалы бері 1500-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль әскерінің әрекетінен Газа секторында 50 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 116 мың адам жарақат алған.

«18 наурыздан бері 1522 адам қаза тауып, 3834 адам жарақат алды», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Соңғы тәуліктің өзінде Газада кемінде 40 адам қаза тапқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow